АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Тікелей эфирде көз жасына ерік берген Кенжебек Жанәбілов тележүргізушіні жылатты (видео)[:]

[:kz]

«Карантинде кішкентайдың қылығына тоймай уақыттың қалай өтіп жатқанын білмей қалдық. Сырымтау деген азамат «Мейірімді жандар» деген қор құрып, қайырымдылықты қолға алды. Біз де үлесімізді қосып, «Музарт» тобы атынан 300 жәшік азық-түлік алдық. Осылайша қайырымды жандар карантин уақытында мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты», — деді әнші. 

Кенжебек Жанәбілов өнермен бірге отбасының да ауыртпалығын қатар алып келеді. Тұңғышының сынақпен өмірге келгенін жария еткен әнші ұлының әр жеңісіне қуанады. 

«Үлкен ұлымыз Ахмет сынақпен келді. Құлағы естімейді. Біз оны апармаған жеріміз жоқ. Бірнеше рет шетелге бардық. Ақыры 6 жастан асқанда ота жасаттық. Осы аурудың қыр-сырын меңгеріп алғандықтан, «Ел назы» деген тегін орталық аштым. Оны өз қалтамнан төлеймін. Мақсатым — осындай балалалардың ата-аналарына дер кезінде қажетті ақпарат айтып, кеңес беру. Бізге кеңес беретін адам болған жоқ. Біз уақыт жоғалтып алдық. 6 жыл уақыттан кейін ота жасаттық. Осындай қателіктер жібермес үшін орталық жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта әкімдікпен бірлесіп, ауқымды жұмыстар атқарамыз», — деді Кенжебек. 

 

Әнші тұңғышының бар ауыртпалығын көріп, күтіміне қараған жарына алғысын айтады. 

«Тұңғышын туғанда мен көп уақыт сыртта жүрдім. Гастрольмен кеттім. Сол уақытта ұлымның қасында анасы болды. Қанша жылаған күндеріміз болды. Ұлым қанша ем алды. Біз осындай уақыттардан өттік», — деді ол.

Әнші тұңғышы жайлы айтып, көзіне жас алды. 

«Жақында ұлым Ахмет кіші ұлым Әлибиге сөйлеп жатыр. «Қалайсың? Жақсысың ба?» деген сөздерді айта алады. Бір кезде менен «Әлібидің құлағына аппарат саласыздар ма? Менің құлағым естімейді. Әлібиге ондай болмайды» деп жатыр. Көзіме еріксіз жас келді. Ешбір балада, ешбір отбасында бұндай жағдай болмасын деп тілеймін», — деген әнші тікелей эфир кезінде жылады. 

Бұл сәт Аида Боранбадың да жүрегін елжіретіп, еріксіз жылатты. 

«Балаларыңыздың тек қызығын, рахатын көріңіздер. Бала-шағаңызға амандық, саулық тілеймін», — деді тележүргізуші.  

[:]