[:kz]
«Қалаулым сен» бағдарламасының тікелей эфирінде сөзге келіп, қырылған қатысушылардың әрекеті желіде тарап, көпшіліктің ашуын тудырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қыз-жігіттердің жанжалдасқан сәтінің видеосы Instagram-дағы kalaulymshow тобында жарияланды.
Кадрлардан қыздардың арасындағы ұрыс-керісті, ер азаматтардың ерегесін байқауға болады.
Бұны көрген желі оқырмандары бағдарлама қатысушыларын сынға алды.
«Махаббатын іздеп келген адам көрген жоқпын, жанжал іздеп келгендер. Мен атайын, сен тұр дегендей», «Сөзім жоқ мыналарға. Құлақтары жоқ», «Осындай болмайтын бағдарламаға сөзімді босқа кетіріп отырғаныма жыным келуде», «Тәрбиеден безгендер», «Мына жігіттерді әскерге жіберу керек», «Ер азаматтардың көбісі ұсақталып барады» деді олар.
[:]