АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тіл жанашыры Руза апаймен болған жағдай [:]

[:kz]

Руза апай бір үйде тұратын татар әйелден осындай ауыр сөз естіді бүгін. 
Лифтіге қатар кірген көршісінен:
– Менікі бесінші қабат, сіздікі қайсы? – деп сұрағаны үшін де жазықты болды. 
– Пошла ты нахрен со своим казахском языком! Пошла ты на х..й! Куда и послала туда и пойдешь…
Ты еще и с моим ребенком на казахском языке… Да, как ты смеешь! Почему не татарском? Почему не на русском? – деген әлгі әйелдің екі көзі едірейіп, шатынап шыға келіпті. 
Мұндайлар әдетте жалақор, бәлеқор келеді. 
– Орыспен орысша, татарпен татарша сөйлесуге міндеттімін бе сонда?, – деген Руза апаймен соңына дейін салғыласып, бәле-жаланы үйіп-төгіп, ұлт араздықты қоздырушы, ДВК-ның «жансызы» деп жазғырыпты. 

Даудың соңы полицияға арыз жазуымен аяқталды. Руза апайдың аяғына жығылып кешірім сұрап келіпті әлгі әйел жаздым-жаңылдым деп. Кешіргенмен іс біте ме, бірақ?

«Орыс болсаң бір жөн, үшінші қабатта тұрады екенсің. Үш (өч) деген сөз татарда да бар ғой. Туған тіліңді ұмытардай не басыңа күн туды? «, – деген Руза апайға не айтарын білмей дағдарған екен әлгі әйел. 

Орыс отарлауының азабын алдымен татарлар тартқан еді. Діннен, ділден айырған еді оларды. 
1742 жылы ғана бір Қазан уезіндегі 546 мешіттің 418-ін қиратқан еді патша Үкіметі. 
Осы тұста орыс отаршылдығына қарсы пантюркизм және панисламизм өмірге келген еді. 
Татардың бай-манаптарын жер аударып, құнарлы жерлерін орыс помещиктеріне, дін қызметкерлеріне үлестіріп берген еді патшалық Ресей
Қазіргі татарлар соның бәрін ұмытты.

Думан Быкай 

Фейсбук парақшасынан

[:]