[:kz]
Дариға Назарбаеваның Лондондағы активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
Әлеуметтік желіде Тимур Кулебаевтың Швейцариядағы 600 миллионнан астам доллар қаржысы бар есепшоты бұғатталғандығы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды qamshy.kz.
«БАҚ құралдарына, Назарбаевқа, Қазақстанның Бас прокуратурасына, парламентке Тимур Кулебаевтың 100 миллиондаған долларды жымқырып жатқаны туралы мәлімдеме жасадым. Ешкім құлақ аспады. Сосын 6 Қазақстан азаматы Швейцарияның прокуратурасына арыз жаздық. Менің таң қалғаным – Швейцария Кулебаевтың есепшоттарына арест қойды», дейді ақпарат таратушы автор.
Оның айтуынша, есепшот 3 жыл бойы бұғатталып жатқан және Кулебаев шотты ашуға бірнеше себептер айтқан. Артынша Қазақстанның салық инспекциясы ол ақшалардың ұрланбағандығын және Қазақстанның қаржы министрлігі бұл ақпаратты растап отырғандығын хабарлаған.
Сондай-ақ, автор Дариға Назарбаеваның Лондондағы активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді. Атап айтқанда Назарбаеваның 100 миллион фунт шамасындағы мүлкіне арест қойылғаны жайлы ақпарат беріп, оның Англиядағы 2 зәулім үйі мен 2 пәтеріне қатысты да пікір білдірген.
[:]