АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Тірі екеніне сенеміз»: Алматылық альпинистер Тянь-Шань тауларында қар құрсауында қалып қойған[:]

[:kz]

Алматылық екі альпинист Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев Қырғызстанда Тянь-Шань тауларында қар құрсауында қалып қойды. Олардың туыстары көмек сұрауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Туыстарының сөзінше, үш альпинистен тұратын топ Жеңіс шыңын бағындырмақ болған. Болжам бойынша, олар 6 600 метр биіктікте төмен түсу мүмкіндігінен айырылған. Бұған дейін олардың бірі – Александр Чечулиннің көз жұмғаны туралы хабарланған еді. 

«Топ табиғат жағдайы мен құралдардың жоқтығынан дер кезінде базалық лагерьге жете алмай қалған. Тірі қалғандардың байланысқа шығатын мүмкіндігі болмай отыр. Қырғызстанның ТЖМ құтқарушылар тобы 6 600 метр биіктікте болжанып отырған аумақты Ми-8 тікұшағымен тексеріп шықты. Қазіргі уақытта табиғат жағдайына байланысты іздестіруді тоқтатпақ», — деп жазды Мұрат Өтепбаевтың қызы Айгүл Instagram желісінде. 

«Оларды күн сайын күтеміз, тірі екеніне сенеміз» деген Айгүл қазақстандықтардан, әкесінің жолдастарынан олардың аман оралуына көмек беруін сұрады. Ол Абалақов бағытындағы іздестіру жұмыстары үшін алтыншы дәрежедегі тауларға бара алатын кәсіби альпинистер қажет екенін айтты. Өзімен бірге паспорт және жеке куәлігін алуы қажет, дейді. Сонымен қатар ол қырғызстандық альпинистерден де көмек сұрап отыр.

Айгүл бүгін таңертең альпинистер тобымен бірге Алматы әуежайынан ұшып шықпақ.

Айгүлмен келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 8 707 615 60 42

 

[:]