[:kz]
Тоқаев пен Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады
Ақорданың баспасөз қызметі мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар аңдатпасын жариялады.
14-15 сәуір күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады.
Келіссөздер барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды.
Бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.
[:]