АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]Тоқаев әскердегі өлім-жітім жағдайларына байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды[:]

[:kz]

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды. Осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатын болады», — делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

[:]