[:kz]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» жарлығына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын», — делінген президент жарлығында.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
[:]