АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқаев қазақстандық вакцинаны салғызуға дайын екенін мәлім етті[:]

[:kz]

 

 

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцина салдыруға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Коронавирус дағдарысын өткерудің ең тиімді және жүйелі шарасы — жаппай вакцинация екені белгілі. Елімізде бұл үрдістің сапалы өтуіне барлық жағдай жасауымыз керек. Сондықтан 1 ақпаннан бастап халықты жаппай вакцинациядан өткізуді үкімет пен әкімдіктегілерге тапсырамын», — деді Тоқаев. 

 

Бұған қоса, ол міндетті түрде қазақстандық вакцина салғызатын жеткізді


«Отандық вакцинаның жағымды нәтижелеріне үмітіміз зор. Егер барлығы біз ойлағандай болса, мен дәл осы қазақстандық екпені өзіме салғызамын», — деп қосты президент. 

Бұған дейін Тоқаев елдегі жаппай вакцинацияға байланысты дүрбелең туғызбауды тапсырған болатын. 

[:]