[:kz]
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде АЭС салу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Мен Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерделеу міндетін қойдым. Мемлекеттің, азаматтар мен бизнестің өзекті қажеттіліктерін тиісті шамада ескеру маңызды. Мен бұл мәселені егжей — тегжейлі қарастыратын кез келді деп санаймын, өйткені Қазақстанға атом станциясы қажет», — деді Тоқаев Шығыс экономикалық форум-2021-де онлайн режимінде сөйлеген сөзінде.
«Өз басым бұл мәселені нақты қарастыратын кез келді деп санаймын. Өйткені Қазақстанға атом стансасы қажет», — деді Тоқаев Владивостокта өтіп жатқан Шығыс экономикалық форумында.
Президент өз жолдауында Қазақстанда атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерттеуді тапсырғанын еске салды. Азаматтар мен бизнесті қоса алғанда, мемлекеттің қажеттіліктерін тиісті деңгейде ескеру керек.
[:]