[:kz]
Кремльдің қожайыны Владимир ПУТИН Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ алдынан өзі шығып қонақжайлық танытпаса да, мемлекет басшысының атақонысы – Кәлпе ауылы қызу дайындық үстінде екен.
Президент ретінде алғашқы ресми сапарын Мәскеуге жасаған президент Тоқаевты «Внукова» әуежайында тым құрығанда сыртқы істер министрі Сергей ЛАВРОВТЫҢ өзі қарсы алмаған еді. Алайда, Алматы облысы, Қаратал ауданына қарасты Кәлпе халқы өзінің жерлестері деп есептейтін Қасым-Жомарт Кемелұлының келуіне дайындықты бастап кетіпті. Бұл ауылда президенттің әкесі Кемел ТОҚАЕВ дүниеге келген.
[:]