[:kz]
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады”, – деп жазды Уәли.
Еске салсақ, бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін отставкаға кететінін айтқан еді.
Айта кетсек, әскери қоймадағы қайғылы жағдай 15 адамның өмірін қиды. 100-ге жуық азамат жарылыстың салдарынан жарақат алды.
[:]