АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]Тоқаев Қостанай облысына келді [:]

[:kz]

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі Telegram-каналында. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше, 4 қыркүйек күні кешкісін Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. 4 қыркүйек сағат 21:00-дегі жағдай бойынша, Әулиекөл ауданындағы өрт аумағы 43 мың гектардан асқан. Оқиға орнына тікұшақтар, ұшақ және 2 мыңнан астам адам жұмыс істеуде.

 

kaz.nur.kz

 

[:]