АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқаев мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасарын қызметінен босатты[:]

[:kz]

Мұхтар Аюбаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Аюбаев Мұхтар Ақатұлы Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — арнайы жасақ командирі қызметінен босатылды», — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мұхтар Аюбаев 2019 жылдың маусымынан бастап мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары болды.

Бұған дейін әр жылдары ол президенттік қауіпсіздік қызметінің бастығы, Республикалық ұлан қолбасшысы, мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — объектілердің қорғаныс қызметінің басшысы қызметтерін атқарды.

Еңбек жолын Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Ильич атындағы колхоздың шопанының көмекшісі болып бастаған.

[:]