АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқаев мырза, араша: «Айдың-Нұры» мен «Дәулеттен» қоры алған аппараттарға СК-Фармация таласып жатыр(видео)[:]

[:kz]

Халықтың тірнектеп жиған ақшасына алынған СК-Фармацияты басынан дау арылмай жатқан СК-Фармация өзіне алып, өздері елге таратпақшы. Бұл туралы белсенді, журналист Дәулет Мұқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

9-сыныптан бастап көз алдымда өскен, телевизиядағы шәкіртім,бүгінде орда бұзар 30 таяған жігіт ағасы, қоғам белсендісі @dauletten Дәулеттің,@aidyn_nury ,@elmira_eshniyazova,@zhanat_bakyt бастаған топтың қайрымды шарасы,ел қаржысына жиналған гуманитарлық көмек-тыныс алу аппараттары жер-жерлердегі ауруханаларға тез жету керек!Тиісті органдарға ресми хат жіберіп,жауап күтіп отыратын уақыт жоқ!Шұғыл әрекет керек! Қолдау керек! @tokayev_online @berikuali @maulen_ashimbayev

Публикация от Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit)

Естеріңізде болса, әр түрлі елдерден келген гуманитарлық көмектер осы компанияда 2 айдан артық таратылмай қалған еді. Бүгінде бұлардың басшылары қызметінен де кетті. «Дәулеттен» қоры 63 аппарат алды. Одан бөлек «Айдың-Нұры» , Эльмира Ешниязова, Жанат Бақыт жинаған ақшамен жиыны 125 аппарат! Оқырмандарым, бұған біз қарсы шықпасақ болмайды. Үкіметтен бөлінген миллиардтар жоқ болып, енді міне қарапайым халықтан жиналған аппараттардың жай-күйі осындай болып тұр.

«Құрметті Тоқаев мырза, сізден араша сұраймыз! Бұлай болмайды!!! Бұл қайырымды іске тіпті соңғы 100 теңгесін жіберген оқырмандарым да бар. Бұл аппараттарды ӨЗІМІЗ ТАРАТАМЫЗ» деді «Дәулеттен» қорының басшысы.

kznews.kz

Видео dana_nurzhigit    инстаграм парақшасынан алынды 

 

[:]