АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқаев Сингапурға барады[:]

[:kz]

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға барады. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сингапур Республикасының Президенті Халима Якубпен ресми сапарды ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Якуб Қазақстан Республикасының Президентіне жылы лебізін жеткізіп, Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси диалог пен өзара тиімді серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті.

Сингапур Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім орнату жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің алдағы саммиті аясында Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетудегі Қазақстанның қызметін жоғары бағалады.

Тоқаевты Сингапурмен республикадағы кеңестік елшіліктегі жұмысы байланыстырады. Президент Сингапур Республикасындағы елшілігіне 1975 жылы жіберіліп, 1979 жылға дейін жұмыс істеді.

[:]