[:kz]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрт күнге еңбек демалысына кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында мәлімдеді.
”Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады”, — деп жазды ол.
Сондай-ақ, Берік Уәли президент демалысынан суреттер жүктеді.
[:]