АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқаев Twitter арқылы талай нәрсені шешеді-ау…[:]

[:kz]

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп   ұстанған позициясы мен көзқарасын  өзінің twitter-дегі жазбасында білдіріп отырады.

Алғашқыда мұны америкалық қоғам қабылдай қойған жоқ. Тіпті Трампты мазақ еткендер де табылды. Әңгіме бірақ басқада. Атап айтсақ, Твиттерге не жазсаң да, ол байыпты байлам мен салмақты көзқарасқа байланысты ғой.

Бұрын Қазақстанда жоғары билік үшін әлеуметтік желілерде ашық көзқарасын білдіру болған жоқ. Мұны Тоқаев  Сенат төрағасы ретінде бірнеше жылдан бері жүзеге асырып келеді. Президент қызметіне кіріскенде де Twitter арқылы Тоқаев атқарушы біилікке тапсырмалар бере бастады. Қазір ақиқаты керек, ақпараттық порталдарға емес, алдымен таң азанда Тоқаевтың Twitter-іне қарайтын болдық. Бұл президенттің әбжіл қимылын, кез келген оқиғаға тез баға беріп, жедел көзқарас білдіре алатынын көрсетеді. Бұрын жабық болып келген қазақ билігі үшін бұл өте қажет нәрсе.

Оның үстіне президент Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып журналист Берік Уәлидің келгені де жалпы оқырман қауым үшін тиімді болды деп айтуға толық негіз бар. Халық Тоқаевтың  кез келген оқиғаға көзқарасын Твиттердегі жазбасы арқылы  біліп жатса, онда көңілде еш күмән қалмайды. Мұндай жағдайда халықтың да билікке сенімі артады.

Осыдан бірнеше күн бұрынғы Ми-8 тікұшағының апатына байланысты Тоқаев атқарушы билікке тез тапсырма берді. «Тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қайтыс болғандардың отбасына материалдық көмек беріледі»,- деді. Ал кеше..

 

Президент телеарналардан көрсетілген Леңгердегі көппәтерлі тұрғын үйдің өткір мәселесін (видеосы-төменде) шұғыл түрде шешуді премьер-министр Асқар Мамин мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке тапсырды.

Демек,  бұдан шығатын қорытынды не? Тікелей тапсырма беру арқылы мәселе тез шешіледі. Әйтпесе, біздің атқамінерлер тапсырманы бір-біріне сілтеп, мәселені сөзбұйдаға салып жүре береді. Биліктің қашан да ашық болғаны дұрыс. Мұның әкімдерге де тікелей қатысы бар. Ал президенттікке келгеніне он күн болған Қасым-Жомарт Кемелұлы  қара халыққа қаншалықты жақын болады? Айналасындағылар оны оқшауландырып, тек қана жағымды ақпаратпен шектеп қоймай ма?  Әрине оны уақыт көрсетер. Бірақ әзірге Тоқаев Twitter арқылы біраз мәселені шешіп отыр…

«Қамшы» сілтейді

[:]