АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Тоқал аламын» деп құтырған еркек екі әйелінен аямай таяқ жеді(видео)[:]

[:kz]

Үндістанның Тамилнад штатында екі әйел заңсыз үшінші келіншек алмақ болған ер адамды ұрып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail таблоидына сілтеме жасап

Динеш есімді ер адам алғаш рет 2016 жылы үйленді. Араға үш жыл салып ол ешкімге айтпай тоқал алмақ болды. 26 жастағы күйеулерінің тағы бір әйел алғысы келгенін біліп алған нәзік жандылар оны соққының астына алады. 

Кадрлардан көк жейде киген ер адамның сари киген әйелдер шабуылдап жатқан кезде танысымен сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Араға бірнеше секунд салып төбелеске жергілікті тұрғындар қосылды. Әйелдер Динештің жерге құлағанына қарамай, соққының астына алады. 

Нәтижесінде адамдар үйіне қайтарылды, ал ер адам қамауға алынды. Үндістанда полигамды некеге тыйым салынған. Динеш осы әрекеті үшін сотталып кетуі мүмкін. 

[:]