[:kz]
ӨМІРДЕН ҰҚҚАНЫМ…
Тоқалы немесе ашынасы бар еркектің қабырғасы түгел болмайды екен. Адам ата аңнан келсе, Хауа анамыз қызғанып: «Қайдан келдің?», «Не істеп келдің?» – деп тергеуге алатын көрінеді. Адам атамыздың:
– Айналайын, Хауа. Несін қызғанасың? Жер бетінде әйел атаулыдан сен, еркек атаулыдан мен ғана емеспіз бе? – деген уәжіне Хауа анамыз тоқтаса да, күнде таңертең ұйықтап жатқанда, «Алла тағала тағы бір әйелді жаратып қоймады ма екен?» деген күдікпен жалғыз ерінің қабырғасын санап қояды екен.
PS: Құрметті бәйбішелер! Күйеулеріңізді орынсыз қызғана бермей, олардың қабырғасын жатарда бір, таңертең оянғанда бір санап қойыңыздар! Тоқалы немесе ашынасы бар еркектің қабырғасы түгел болмайды екен.
Әсет Әссанди
Фейсбуктегі парақшасынан
[:]