[:kz]
Елордадағы Республикалық балаларды оңалту орталығының асханасында берілген тоқаштан өлі тышқан табылған еді.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық балаларды оңалту мекемесінде тәтті тоқаштан тышқанның баласы шыққаны жайлы Skifnews.kz ақпараттық порталы жариялаған еді. Аталмыш оқиғаға байланысты қаланың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті арнайы тексеріс бастағанын мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта таралған ақпаратта көрсетілген өнімді дайындаушы мен жеткізушіні анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өткізген және қабылдаған іс-шаралар туралы алдағы уақытта хабардар ететін боламыз», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде журналист, қоғам белсендісі Кенжегүл Тергембай елорданың балаларды оңалту мекемесінде болған жайт туралы ақпарат таратқан болатын. Жарияланған фотосуреттер балаларға арналған тамақтан өлі тышқан табылғанын айғақтайды.
«Республикалық балаларды оңалту орталығында балаларға берген ас-ауқаттан (коржиктен) тышқанның баласы шыққан. Сол жерде жатқан бір ана уланып, жұқпалы аурулар ауруханасына жөнелтілген. Тағам сапасының өте нашар екенін айтып ата-аналар шағымдануда», — деп жазды белсенді.
[:]