АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ТОҚСАН ТОҒЫЗДАҒЫ ТОҚЫМАШЫ[:]

[:kz]

kuliman-apaӘуезов ауданы әкімі аппаратының қызмет­керлері мен «Нұр Отан» партиясы аудандық фи­лиа­лының мүшелері, аудан әкімінің атынан, ауданымыздың ең қарт тұрғыны Күлиман әжейдің үйіне барып, ел  Тәуел­сіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Еңбек майданына қатысушы Күлиман Қырғызбаева 1917 жылы Алматы облысының Ақтерек ауылында дүниеге кел­ген. Ата-анасы «халық жауы»  атанып,  ату жазасына кесілген. Әжейдің жұбайы Әжібек Қыр­ғызбаев 1942 жыл­дың басында соғысқа аттанса да, Кенигсберг (Калининград) тү­бінде  неміс-фашистердің  қолы­на түсіп қалады. Содан 1947 жылы ақ­талып, елге оралға­нымен, май­дан салған жарадан 1966 жылы дүние салды.

Ауылда өгіз жегіп, жер жыртқан, орақпен шөп, бидай орған Күлиман апа қой да бақты, сиыр сауып, қора да тазалады. Бүгінде кейуана қыздарының, немере, шөбере-шөпшегінің рахатына бөленуде.

Ғасыр ғұмыр сүрсе де, апа­мыз теледидардан жаңалық қарап, «балаларға бөгет жаса­майын» деп, құлағына құлаққап іліп, іPad-тан айтыс тыңдайтын көрінеді. Күлиман апа құр бос отыра алмайды. Ол үнемі бесте­мірімен шұлық тоқып, қолына тиген тоқыма өнімдерін сөгіп тастап, қайта тоқуға кіріседі. Үйі тоқыма жіпке толып жатыр. Ғасырға аяқ басқан Күлиман әжей құрмет көрсеткені үшін аудан әкімі мен партияға алғысын айтып, ақ батасын берді.

Сайрангүл КҮЛЕКЕНОВА.

http://almaty-akshamy.kz/

 

[:]