АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Толған жемқорлық». Мұнайшы президент Тоқаевқа видеоүндеу жасады[:]

[:kz]

 

 

Өзін Атырау қаласындағы «Теңізшевройл» компаниясының бұрынғы қызметкері деп таныстырған ер адам мұнай-газ кен орнындағы сыбайлас жемқорлық пен улы шығарындыларға назар аударуды сұрап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі видеоүндеу жасады. Аталған бейнежазба Instagram-дағы «Kris P Brothers️️️» парақшасында жарияланды.

«2016-2019 жылдар аралығында мен «Теңізшевройл» компаниясында жұмыс істедім және айына бір миллион теңге табатынмын. Бірақ мен өте бақытсыз болдым, өйткені жемқорлық басым болды. Тікелей келісімшарт жасасқан барлық жұмысшылар біреудің туыстары болды. Салауатты бәсекелестік болған жоқ. Сондай-ақ экология саласында көптеген бұзушылықтар болды. Мен бұған, қоршаған ортаның ластануына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы болдым. Олар шындыққа шыдай алмай, мені ешқандай себепсіз жұмыстан шығарды. Менің сұрағым: неге біздің елде қарапайым жұмысшылардың құқығын қорғайтын заңдар жоқ? Неліктен ірі компаниялар жұмысшыларды себепсіз жұмыстан шығаруға құқылы?» делінген бірінші видеода.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, экология министрі, мұнай және газ министрі. Теңізде қанша шығарындылар болатынын білесіз бе? Есептерде мүлдем басқаша жазылған, бірақ іс жүзінде ол екінші Чернобыль болуы мүмкін. Күкіртсутек, аммиак, радиация және басқа да көптеген химиялық заттар шығады. Біздің мамандар бұл бойынша жұмыс істегісі келмейді, өйткені біліксіз адамдар ең жауапты және жоғары ақы төленетін лауазымдарда отырады. Олар шешім қабылдай алмайды, өйткені онда сыбайлас жемқорлықсыз жұмысқа орналасу мүмкін емес. Улы шығарындыларды тексеру үшін шаралар қабылдауды сұраймын» делінген екінші видеода.

 

Желі қолданушы instagram-ға жарияланған видеоны қызу талқылап жатыр. Біреулер «жұмыстан шығып кеткен соң, басын көтеріп жатыр» десе, енді бірі мұнайшының «жан айқайы»  деп атау беруде. 

[:]