АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тонаушыны әп сәтте қарусыздандырған әйелдің ерлігі көпшілікті тәнті етті (видео)[:]

[:kz]

 

 

Бразилиялық әйел-полицейлік мектептің жанында тапанша кезеп адам тонамақ болған еркекті атып өлтірді.

 

12 мамырда Сан-Паулу штатындағы Ferreira Master в Сузану мектебінің жанында болды.

Офицер қызымен бірге мектептің ашылуын күтіп тұрған болатын. Бір мезетте 21 жастағы жігіт 38-калибрлі тапаншасын алып шығып, әйелдердің қасына жетіп келіп ақшасы мен бағалы заттарын беруді талап етті.

 

Сол сәтте қасында тұрған полицей әйел көзді ашып-жұмғанша өзінің тапаншасын алып шығып, тонаушының кеудесінен бірнеше рет атып қалды.

 

Сосын ол қолындағы тапаншасын кезеніп, абайлап келіп жерде жаралы жатқан жігіттің тапаншасын аяғымен итеріп, еңкейіп, қаруды жылдам қағып алды.

 

Тонаушыны жақын маңдағы ауруханаға жеткізгенімен, ол тірі қалмады.

 

Биліктің айтуынша, тонаушыны атып тастаған офицер Сан-Паулудағы полиция бөлімшелерінің бірінде офицер екен.

alashainasy.kz/

 

[:]