[:kz]
«Қалай араластырғанымызға қарамастан, әйнектің түбінде шөгінді қалды. Шынында да, ол сырттай қарағанда ұсақталған әйнектерге ұқсайды», — делінген басылым мәліметінде.
«Тұз арасынан сынған әйнек терді таптым!» — деп ашуланған Любовь есімді ресейлік тұрғын 19 ақпанда «Местное время» басылымының редакторларына қазақстандық «Аралтұз» өндірушісінің «Славяночка» деп аталатын тұзының құрамынан ерімейтін зат көргенін айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, басылым дерегіне сілтеме жасап.
Шағымданушы тұрғынның айтуынша, ол тұздың ішінен әйнек қалдығын тауып алған. Мұнан бөлек ол, «тұзды тамаққа қосқаннан кейін топырақ жегендей боласың, тісіңді қышырлатады» деп отыр.
Оның шағымын тыңдаған журналистер тұзға зерттеу жүргізіп көріпті. Стақанға бір қасық тұз салып, үстіне су құйып араластырған.
«Қалай араластырғанымызға қарамастан, әйнектің түбінде шөгінді қалды. Шынында да, ол сырттай қарағанда ұсақталған әйнектерге ұқсайды», — делінген басылым мәліметінде.
Суретте стақанда пайда болған шөгінділер көрсетілген. Айта кету керек, ерімейтін шөгінділер жалпы тұз мөлшерінің 0,45 пайызын құрауы мүмкін. Біз бұл затты өлшеген жоқпыз, шөгінділердің мөлшері бұл көрсеткіштен асып тұр», — дейді мақала авторы.
Қазақстандық тұз өндірушінің өзі әлеуметтік желілерде өнімде қауіпті заттың болуы туралы деректерді жоққа шығарды. «Аралтұз» компаниясы өкілдерінің ресми мәлімдемесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Facebook парақшасында жарияланды. Хабарламада әлеуметтік желілерде жіберілген ақпарат шындыққа жанаспайды делінген.
«Тұз құрамында минералдар, астраханиттерден тұратын табиғи ерімейтін тұнба болады. Олар организмге бейтарап. Өңдеуге түсетін шикізаттар — экологиялық таза өнімдер», — дейді өндіруші.
[:]