АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Төр қазақтікі. АҚШ елшілігі есін жисын!» белсенді жастар елшілікке ЛГБТ туы үшін кешірім сұрауды талап етті [:]

[:kz]

 

Жас азаматтар Алматыдағы консулдық алдына жиналды.

Кеше Қазақстандағы АҚШ елшілігі қазақстандықтарды ЛГБТ қауымдастығын құрметтеуге шақырған болатын. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілік ғимараттың қабырғасына ЛГБТ-қауымдастығының туы ілінді. Америкалық дипломаттар таратқан ақпаратта 17 мамыр – гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы (IDAHOBiT) күрестің жыл сайынғы Халықаралық күні екені айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгін Алматыда «Намыс» жастар қозғалысы бұл бастамаға қарсылық акциясын өткізді. Олар қаладағы АҚШ бас консулдығының алдына келіп, «Төр қазақтікі, АҚШ елшілігі есіңді жи. Бұл әрекетің үшін кешірім сұрауың керек. Біз қазақы құндылықтарды аяқасты етпеуді талап етеміз» деп ұрандатты. Белсенділер жастар қозғалысының туы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп келді.

«АҚШ демократияның жалауын желпіп отырғанымен, тұтас бір ұлттың, ерлері мен батырлары туған қасиетті даладағы көшпелі халықтың, қарагөз қыздары бар, барлығының мүддесін таптап отыр. Қоғамдағы аз топтың сойылын соғып, олардың сөзін сөйлеу – барып тұрған арандатушылық. Өте кем дүние. Оны өздері іштерінен біліп, келісіп барып жасап отыр.

Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде біржыныстылардың біздің қоғамның бір бөлшегіне айналғанын қаламаймын. Өйткені біз болашақ алдында міндетіміз бар: құндылықтарымызды сақтап, келесі ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Соны айтып АҚШ консулдығына келдік. Нақты талаптар ЛГБТ, гейлерді біздің елде насихаттауды тоқтату және мәжбүрлемеу. Себебі төр біздікі, қазақ қонағын төрге шығарған. Бірақ басына шығармаған. Бізге осыны қабылдауды мәжбүрлеп отыр. Нақты айтсақ, кешегі елшілікке ілген ту үшін кешірім сұрауын талап етеміз», — деді «Намыс» жастар қозғалысының жетекшісі Азамат Жолданбаев.

Алматыдағы АҚШ бас консулдығының қызметкерлері қазақ жастарының жазбаша талабын қабылдап алды және жақын күндері жауап беретінін айтты.

[:]