АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Төреғали: Әрбір әке баласына менің әкем құсап қараса, Қазақстан дамитын еді[:]

[:kz]

 

Қазақтың Төреші, Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлі асқар тау әкесін жер-көкке сыйғызбай мақтады. Қазақ баласының әкелері өз әкесіндей болса жарар деген тілек айтты. 

«Қазір дерттің дендеп, аурудың күшіне мініп тұрған кезі. Қоғамды, жалпы адамзат баласының санасын үлкен үрей мен негатив басып тұрғандай. Кімнің парақшасын қарасаң да арпалыс. Ендеше мен бүгін бір позитивті дүние жазайын деп шештім. Мен емес бұл осы күні әкемді өмірге әкеліп Алланың шешкен күні екен.

 

Иә, бүгін отбасымыздың тірегі, ақылшысы, бәріміздің арқа тұтар асқар тауымыз, әкеміздің туған күні. Кей-кезде байқатпай әкемнің жүзіндегі әжімдерге қарап қызарақтап қалам. Пәлендей терең әжім түспесе де қартайып бара жатыр. Жылжып өткен жылдар адамның жүзіне өз ізін қалдырмай тұрмайды, бірақ соған көбіне біздің де үлесіміз үлкен.
Менің қатарымда мен сияқты бала көп болған шығар деп ойлаймын, бірақ олардың әкелері оларға сенген жоқ, болашағына қаржы салған жоқ.
Ал біздің Төкеңнің (әкем ғой) көшіп отырған жерлерін қарасаң менің жетілу мектептерім екен», — деді Төреғали. 

Әнші бұл жазбасын әкесінің туған күніне орай жазған. Әкесінің өмірлік тіреуі екенін айта келе, тілегін жазып, мақтауын асырды.

«Жасыратыны жоқ әлі қатал. Неше баланың әкесі болсам да ол кісіге өтпелі кезеңнен өтіп жатқан бозбала сияқтымын, бірақ желкемде сондай өткір көз бен сұсты жанар тұрмаса не боп кетерімізді Құдай білсін. Әкең бір халық бір еркелете берген соң орныңнан тұра алмай қаласың ғой.

Ең бір жүрегімді қозғайтын нәрсе ешкімнің ата-анасы мәңгілік емес қой.
«Қалтылдаған қарттық деген жақсы нәрсе емес, бірақ ұзақ жасаудың одан басқа жолы жоқ» деп Бернард Шоу айтпақшы, менің ата-анам әйтеуір ерте үйленген жандар. Ұл-қызының алдын аяқтандырып, немере иіскеп отыр.
Ендігі тілегім осы бастарында тұрған бақыттары баянды болса екен.
Әрбір әке баласына менің әкем құсап қараса, Қазақстан дамиды бұдан да мықты боп.  Әкешім, Алла сізге амандық, денсаулық берсін, қос дүниенің бақытын, жақұтын, жақсылығын тілеймін. Арқамды тірейтін алып таудай дүркіреген, күркіреген қалпыңызда жүре беріңіз. Бізге тек туған күніңізді ғана тойлатыңыз!», — деп жазды.

Ақынжанды әнші сөзін бір шумақ өлеңмен аяқтады. 

Кім келер Алатаудың басына тең,
Қатар қойсам тұрасың қасына тең.
Қарағанның қалпағын құлататын,
Мен үшін ең биік сен — асыл әкем!

Желідеқі оқырмандары зор алғысын айтып, тілегін жазды. 

«Төреш, жарайсың, отбасың аман болсын, асқар тау әкеңнің туған күніне арнаған құттықтау сөздеріңе қосыламын!», «Құтты болсын, Төреш, әкеңнің жеке меншік туған күні», «Әкесін әр бала осылай сыйласын», — деп жазды олар.

[:]