АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Төреғали Төреәлімен»: 11 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының мұқабасы өзгертілгені рас па? (ФОТО)[:]

[:kz]

«Мынауың артық енді», «Домбыра орнына кальян ұстап алған сияқтысың», «Төреш тілі деп жазбады ма?», «Жетпегені осы еді», «До ре ми фа деп «Музыка» кітап шығармадыңыз ба, Ақ Төреш?», «Ұлы дала кітабы», «Фотошоп болып шықса екен», «Бұл не мазақ?», «Ақшам болса мен де шығамын», «Төреғали не бітірді кітап бетіне енетіндей?!», «Лайықты емессіз», «Қолда кальян», — деп жарыса жазды олар.

11 сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі» оқулығының мұқабасында Төреғали Төреәлінің бейнесі бейнеленген сурет желіні шулатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Төреғали Төреәлі Instagram-парақшасында мұқабасына өзінің суреті қойылған кітапты жариялап, «Құтты болсын, ағайын!» деп жазып қойыпты.

Кейбіреулердің топшылауына қарасақ, кітап жаңажылдық шоу-бағдарламаларға арналған әзіл болуы мүмкін. 

Кітаптың бетіне Төреғалидің қолына домбыра ұстаған суреті таңдалған екен. Мұқабада «Қазақ тілі. Төреғали Төреәлімен» деп жазылған.

Бірақ желідегі оқырмандары бұл жаңалықты ауыр қабылдап, теріс пікірлерді қаптата жөнелді. 

«Мынауың артық енді», «Домбыра орнына кальян ұстап алған сияқтысың», «Төреш тілі деп жазбады ма?», «Жетпегені осы еді», «До ре ми фа деп «Музыка» кітап шығармадыңыз ба, Ақ Төреш?», «Ұлы дала кітабы», «Фотошоп болып шықса екен», «Бұл не мазақ?», «Ақшам болса мен де шығамын», «Төреғали не бітірді кітап бетіне енетіндей?!», «Лайықты емессіз», «Қолда кальян», — деп жарыса жазды олар.

Пікірлердің арасында Төрешті құттықтап жатқандарда табылды. Көбісі не болып жатқанын түсінбей, таңырқасып жатыр.

Ал кітап мұқабасына Төреғали Төреәлінің суретінің жариялатыны туралы Білім және Ғылым министрлігінен ресми мәлімет тарамады.

 

[:]