АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Төреғалидің айдай сұлу қарындасы кезінде қандай толық болғанын көрсетті (фото)[:]

[:kz]

Төреғали Төреәлінің қарындасы өзінің толық болған кезіндегі суреттерін жария етті. Бүгінде желідегілерді көркімен тамсандырған ару төртінші сыныпта өзге оқушылар мазақ қыла бастаған соң, салмақ тастауға бел буған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі артық салмақтан арылу өзіне қаншалықты қиын болғанын Instagram парақшасында айтып берген. Сөзінше, қатты арықтап кеткен кезінде өзін тіпті туыстары танымай қалған.

«Балабақша кезінен толуды бастаппын, дұрыс тамақтанбаудың себебінен. Мектепте де мазақтайтын, басында мән бермейтінмін. Кейіннен төртінші сынып оқығалы қатты қысылып бастадым. Анам диетаға отырғызып көмектесетін, бірақ нәтиже болмайтын» , — деп жазды әншінің қарындасы.

Төртінші сыныпты тәмәмдаған соң, Фариза арықтауға түпкілікті шешім қабылдаған. Бойжеткен алдымен өзін тәтті мен нан атаулысынан ақырындап шектей бастады.»Тәттіні өте қатты жақсы көремін, бірақ алдымда шоколад тұрса да жемейтінмін. Дина дүкеннен тәттілерді үйіп әкеледі, сонда арықтап болған соң жеймін деп шкафтың жоғары жағына тығып коятынмын. Наннан бір жола бас тарттым және тамақты шай ішетін кесеге құйғызатынмын» , — деді Фариза Төреәлі.

Тамақтану тәртібін өзгерткенімен қоса, Фариза жаңадан салынған екі қабат үй еденін күнде жууды әдет қылған.»Қатты азып кеткенім сонша анам уайымдай бастады. Жазғы демалыстың соңына қарай үйге туыстарым келіп мені шынымен танымай қалды. Ал сыныптастарым мүлде, мені жаңадан келген оқушы деп ойлады» , — деп жазды Төреғалидің қарындасы.

  

[:]