[:kz]
Ресейлік Black Star құрамында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық әнші Назима Жәнібекова желіде қызу талқыға түсті. Шоу-бизнес жұлдызы Instagram парақшасында төстартқышпен түскен суретін жариялаймын деп басы дауға қалды. Кейбір желі қолданушылары аталмыш фотоға тәнті болғанын жеткізсе, енді бірі керісінше оны аяусыз сынға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ
Назима Жәнібекова ашық суретін жүктемес бұрын оның мұндай талқы тудыратынын күткен сыңайлы. Әнші фотоның астына » Назима Жәнібекова хейтер лер, сендердің кезектерің келді» деп жазып қойған.
Желіде шуға ұласқан суретте ол қара шалбар мен костюммен тұрғанымен, үстіне тек төстартқыш киген.
Бұл жайт желі қолданушылары арасында үлкен пікірталасқа түрткі болды. Олардың пікірі екіге бөлінген. Бірі Назиманы қолдаса, енді бірі даттап әлек.
«Ең әдемі қыз» , «Тамаша, қандай сұлусың» , «Қайдағы хейтерлер, бәрі тек қана тәнті сияқты» , «Бұл суреттен кейін, хейтерлдерің де жоқ болады» , «Мінсіз мүсінді ару» , «Қазақ қызына өте ұятты» , «Сізден мұндайды күтпедім» , «Ми берсін» , «Ұят қой, қазаққа тән емес дүние» , «Наразылық білдірушілерге мән бермеңіз, ұятты түк те жоқ» , «Не дегенмен ерсі сияқты» , — деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік, бұған дейін Назиманың шаш үлгісін өзгертіп тастағанын жазған болатынбыз. Өнер иесін өз жанкүйерлері де танымай қалған еді.
[:]