[:kz]
Ресей президенті Владимир Путин америкалық әріптесі Джо Байденді ашық түрде келеке етіп келеді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «РИА Новостиге» сілтеме жасап.
Ақ үйдің бұрынғы басшысы Дональд Трамп осылай дейді.
— Қазір Байденді Қытайдың келіссөз жүргізушілері мен Ресейдің Президенті Путин ашық түрде мазақ етіп отыр. Олар оны мазақтайды, біздің елді масқаралайды, — деді Трамп Солтүстік Каролинада өткен республикашылдардың съезінде.
Бұрынғы президент «Путинмен өте жақсы қарым-қатынаста болғанын, бірақ ешкім Ресеймен ол сияқты қатал болмағанын» айтты.
Дональд Трамптың айтуынша, Джо Байден «Северный поток-2»-ні қолдайды.
«Адырна» ұлттық порталы
[:]