[:kz]
АҚШ Президенті Дональд Трамп ФТБ директоры Джеймс Комиді қызметінен босатты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. АҚШ Президенті бұл шешімге Әділет министрінің орынбасары Рода Розенштейн мен АҚШ-тың Бас прокуроры Джеффа Сешнстің ұсынысы бойынша келген. «ФТБ халқымыздың ең құрметті орындарының бірі болып табылады. Бүгінгі өзгеріс Мемлекеттің құқық қорғау органы үшін жаңа бастама болары анық», деді Трамп.
Дайындаған: Айгерім Таубай
«Қамшы» сілтейді
[:]