[:kz]
Мексикада АҚШ президенті Дональд Трамп бейнеленген дәретхана қағазы шығатын болады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Осындай бастаманы мексикалық кәсіпкер Антонио Батталья ұсынған. Ол Трамптың өзінің отандастарына айтқан ауыр сөздеріне өкпесін осылай білдіргісі келген. Дәретхана қағазы Trump брендімен шығатын болады және оның ұраны: «Шексіз жұмсақ», «Бұл біз төлейтін қабырға» сынды болмақ. Тауар осы жылдың соңына қарай сатылымға шығатын болады. Тауар сатылымынан түскен түсімнің 30% босқындарды қолдау қорларына жіберілетін болады. Батталия Трамптың мексикалықтарға тіл тигізіп оларды есірткі сатушылар, қылмыскерлер мен зорлықшылар деп атағанына қапалы екенін жеткізді. Кәсіпкер 400 мың песоға (6 млн теңге) келісімшартқа отырған. Еске сала кетейік, Трамп 25 қаңтарда Мекиса мен АҚШ шекарасын бөліп тұратын қабырға орнатуға қол қойған болатын. Шарт бойынша қабырға АҚШ қабырғаға кететін шығынды төлегенімен, мексикалықтар қарызды уақыт өте келе қайтарады делінген болатын. Шолушы: Назерке МҰСА
«Қамшы» сілтейді
http://qamshy.kz/home/show/19753
[:]