[:kz]
Күні кеше орда бұзар 30 жасқа толған Қайрат Нұртас туған күн кешінде уыстап ақша шашты. Әншінің бұл әрекетін желідегілер қызу талқыға салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Хитмен туған күнін Алматының «Ritz Carlton» қонақ үйіндегі қымбат мейрамханада өткізді.
Әншінің туған күніне жақындары мен өнердегі әріптестері жиналған.
Видеодан Қайрат Нұртас мейрамханаға кірген сәтте уыстап ақша шашылғанын көруге болады.
Ал желі қолданушылары өнер иесінің бұл ысырабын ұнатпаған.
«Уыстап ақша шашқанша, зәру адамға бермейді ме?», «Бұлар шашады. Біз тамсанып қарап отырамыз», «Туған күніңіз құтты болсын. Алайда бұлай ысырап жасамаңыз», «Мынау біреудің бір айлық жалақысы ғой».
«Барлық кереметің бір уыс ақшамен кетті ғой», «Көпбалалы аналарға көмек бермейсің бе одан да», «Өтірік ақша шығар», «Берсе жасырып беретін шығар», «Туған күні болғасын тойлайды ғой» деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, уыстап шашылған ақшаның рас-өтірігі белгісіз.
[:]