АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Туғанынан екі аяғы, бір қолы жоқ адам нәпақасын тауып жүр (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Туғанынан екі аяғы, бір қолы жоқ ер адам түрлі құрал-жабдықтарлы жасап, күнелтіп жүр. Дегенмен, өміріне налымайды, қайта өзін «ең бақытты адам» ретінде санайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Тіпті, оны мүмкіндігі шектеулі жан деп айтуға ауыз бармайды. Себебі, ол аяқ-қолы сау адамдардың  кейбірі жасай алмайтын бұйымдарды да қолынан бал тамған шебердей керемет етіп жасауға қабілетті. Мәселен ол, етік тігеді. Үйінде шеберханасы бар.

«Бүгін мен ерекше партияласымыз жайлы сөз қозғағым келеді. Ерекше дейтінім, Тәубахан Оңалхан ағамыз туғанынан екі аяғы, бір қолы болмаса да, бар болғаны 3 саусағымен көп жұмысты ырқына көндіріп келеді.

Жиһаздың түр-түрін өзі жасайды. Керек десеңіз етік те тігеді. Қолы қалт етсе, дойбы, шахмат ойнайды, ән айтады.

Тәубахан Оңалхан көпбалалы отбасында дүниеге келген. Балалық шағында асыр салып жүгірмеді, ат мініп шаппады. Жан жарасына емді ол білім мен өнерден тапты. Еңсесі бір сәтке де түскен емес. Қазір үйінің бір бөлмесінен шеберхана жасап, еңбек етіп, ел қатарлы өмір сүруде.

Оның мұқалмас жігері жеңіске жетеледі. Өзгелерден ерек болып туылса да Аллаға адам болып жаралғанына алғыс айтудан жалыққан емес. Алайда аяқ-қолы балғадай азаматтардың адал еңбек етуден қашатынына қайран қалады», — деп жазды Арман Қырықбаев есімді «Nur Otan» партиясының хатшысы Instagram парақшасында.

Ерекше жанның айтуынша, ол жан жарасын әнмен жазады екен. 

 

[:]