[:kz]
Тіпті ол бұртиып, ойыншықты бермеген әншіге ренжіп қалған, — деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Экспресс К»-ға сілтеме жасап.
Отандық ток-шоу арқылы көпшілікке қитар мінезімен танылған Замира Сұлтан тойда әнші Ислам Алтайбаевпен ойыншыққа таласып, сөзге келіп қалды.
Замира мен Исламның ойыншыққа таласып қалған бейнежазбасын әншінің әйелі Іnstagram-дағы парақшасына салды. Видеода Ислам Алтайбаевтың қолындағы ойыншықты Замира ала алмай жүр. Тіпті оның бұртиып, ренжіп қалғанын да көруге болады. Ал әнші бұл ойыншықты болашақ баласына ырымдап алғанын түсіндірген.
Замира түк көрмеген бейшара сияқты жабысқаны несі. Сол машина мың жарым теңге ғана тұрады, — деп жазды әншінің әйелі Шынар.
Аталған бейнежазбаға пікір қалдырғандар көп. Басым бөлігі Замира жөнсіз әрекетке барды дегенді жазған.
«Ырымдап алған ойыншыққа таласқаны ұят болыпты», «Таза қуады екен», «Дым көрмеген қасқа, не істеп жүргенін өзі білмейтін сияқты», «Замира елдің қолына жабысқанын қашан қояды екен», — деп жазған желідегі жұрт.
[:]