[:kz]
Әлеуметтік желілерде коронавирус пандемиясына қарамастан өткен ұлан-ғасыр тойдың видеосы тарап кетті. Карантин талаптарын бұзған дүбірлі шара Түркістан облысында өткен. Үй ауласында ұйымдастырылған қуанышқа 200-300 жуық адам шақырылса керек. Олардың арасында белгілі әзілкеш әрі асаба Нұржан Төлендиев те бар болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Той-томалақтарға тыйым салынғанымен, отандастарымыз оны өткізудің амалдарын тауып жатыр. Күні кеше Түркістан облысында карантинге дейінгідей көп қонақ жиылған мерекелік шара желіде әшкере болды. Сақтық шараларын ескермеген дүбірлі тойдың видеосы Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланған. Бейнежазбадан үй ауласы құдды үлкен мейрамхана залы сияқты қонақтарға лық толы екенін байқауға болады. Арақашықтықты сақтамай билеп жүрген жұртшылық арасында белгілі әзілкеш әрі актер Нұржан Төлендиев те бой көрсетті. Ол көңілді кештің құрметті қонағы ретінде өз ән шашуын тарту еткен. Желі қолданушылары карантин ережелеріне немқұрайлы қараған тойшыл қауымның қылығына қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі оларды қоғамға қауіп-қатер төндіргені үшін сынап жатса, енді бірі мәңгі есінде қала күнін тойлағысы келетін жастарға түсіністікпен қарауда.
«Осыдан кейін қалай ұялмай ақша жоқ деп айтады? Өздері тойға миллиондап шашып жатыр» , «Түркістан, Шымкент, Қызылорда дегендер тойсыз отыра алмайды» , «Қазақ тойшыл халық қой. Той-томалақтарға тыйым салынғанымен, отандастарымыз оны өткізудің амалдарын тауып жатыр. Күні кеше Түркістан облысында карантинге дейінгідей көп қонақ жиылған мерекелік шара желіде әшкере болды. Сақтық шараларын ескермеген дүбірлі тойдың видеосы Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланған
Бейнежазбадан үй ауласы құдды үлкен мейрамхана залы сияқты қонақтарға лық толы екенін байқауға болады. Арақашықтықты сақтамай билеп жүрген жұртшылық арасында белгілі әзілкеш әрі актер Нұржан Төлендиев те бой көрсетті. Ол көңілді кештің құрметті қонағы ретінде өз ән шашуын тарту еткен. Желі қолданушылары карантин ережелеріне немқұрайлы қараған тойшыл қауымның қылығына қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі оларды қоғамға қауіп-қатер төндіргені үшін сынап жатса, енді бірі мәңгі есінде қала күнін тойлағысы келетін жастарға түсіністікпен қарауда.
kaz.nur.kz/1860389-tuka-n-salyp-zr-trkistan-oblysynda-asta-tk-toj-zasagandar-zelide-skere-boldy.html
[:]