[:kz]
Белгілі актер, «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының жетекшісі Бауыржан Ибрагимов журналист Аман Тасығанның Talklike жобасына сұхбат беріп, қазіргі қазақ өнерінің жағдайы туралы, кімнің актерлік өнерін бағалайтынын, ал кімді актер санамайтынын айтты.
Сонымен қатар танымал актер Нұржан Төлендиев туралы ел арасында жүрген қауесеттерге жауап берді.
Журналист Аман Тасығанның айтуынша, халық арасында «Тука істі болғанда Бауыржан Ибрагимов 35 мың доллар беріп, оны темір тордан аман алып қалыпты-мыс».
Бұған актер: «Мен қорғап алып шыққаным рас, оны Құдай біледі. Өзі де, ағасы да келіп, рахметін айтты. Бірақ ақша берді деген өтірік. Мен ана қызды (Нұржан Төлендиевті зорлады деп айыптаған — ред.) үш күн ұстап отырдым, үйіме де бардым. Үш күн. Мен ол қыздың тегін қыз емес екенін білдім, арнайы ұйымдастырылған нәрсе екенін. Ол қыз сондай бопсалаумен айналысатын бәле екен. Түсіріп алады да камераға, сосын ақша бопсалайды. Тука соған түсіп қалған. Гостиницаға барған, түнде болған нәрсе ғой. Ол енді кез-келген азаматтың басында болатын нәрсе ғой. Мен айттым по-любому сені алып шығам деп, РУВД-ға бардым, олар айтты анау қыздан хат алыңдар. Ол қыздан көрі, РУВД-мен сөйлесу оңай болды маған. Ол қыз әуежайға қашып бара жатқан жерінен ұстап алдым, хатты жазбай жібермеймін деп. Өнердегі бауырым, жақсы актер болғасын, оны алып қалғым келді», — деп актердің өміріне араша болғанын айтып берді.
Сондай-ақ Бауыржан Ибрагимов өнердегі бауырын актерлік қабілеті үшін сыйлайтынын, мойындайтынын тілге тиек етті.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше жыл бұрын «қыз зорлады» деген айыппен Нұржан Төлендиевтің аты дауға іліккен еді. Кейбір ақпарат көздерінде оны ішкі істер қызметкерлерінің оқиға болған күні ұстап алғандығы туралы да жазылды. Кейінірек актер бұл ақпаратты жоққа шығарып, бәрінің дақпырт екенін айтып ақталған еді.
https://stan.kz/tuka-kiz-zorladi-dep-ayiptalganda-35-min-berdi-bauirzha-326091/
[:]