[:kz]
Желіде субұрқаққа іш киіммен күмп ете түсіп, жүзе кеткен бойжеткеннің видеосы пайда болды. Арудың әрекетін желі қолданушларының бірі жақтаса, енді бірі қолдамайтындықтарын жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Желі қолданушыларының аталған видеоға қатысты пікірлері қақ жарылды. Олардың бірі бойжеткеннің әрекетін түсінбедік десе, енді бірі «Күн ыстық, солай істесе не болады екен?», «Әбестік көріп тұрған жоқпын», «Өзі білсін» деген пікірлерін жаудырып жатыр.
[:]