АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Тұңғышбай әл-Тарази: Арыстанбектің үстінен мен арыз жаздым![:]

[:kz]

 

Бүгін бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты Антикор іс қозғағаны, оның үйіне және жұмыс орнына тінту жүргізілгені белгілі болды деп хабарлайды Nege.kz

Осы ақпарат жария болғаннан кейін іле-шала «А.Мұхамедиұлы өзіне қол жұмсады» деген ақпарат шықты. Алайда көп ұзамай бұл ақпаратты Ұлттық музейдің баспасөз хатшысы жоққа шығарды да, А.Мұхамедиұлы видеоүндеу жасады.

 

Осы үндеуінде ол Халық әртісі Тұңғышбай әл-Таразидің атын бірнеше рет атады. Бұрынғы Мәдениет министрінің үстінен арыз түсірген кім?

Nege.kz тілшісі Халық әртісі Тұңғышбай әл-Таразиге хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрады.

Тұңғышбай Қадырұлы, Арыстанбек Мұхамедиұлының үндеуін көрдіңіз бе?

– Иә, көрдім.

– Осыған қатысты сауалдарымыз бар еді. А.Мұхамедиұлының ісіне сіздің қатысыңыз бар ма?

– Мұны баяғыдан бері сұрамай, енді неге сұрап қалдыңдар? Алдымен тексерілсін, содан кейін айтамыз да. Қазір бірдеңе айтатын жөні жоқ.

– Біз бұл тақырыпты көптен бері көтеріп жүрміз. Араларыңызда бұрынғыдан басқа да келіспеушілік болды ма?

– Біздің арамыздағы қандай келіспеушілік екенін білесіздер ғой. Оны бүкіл Қазақстан біледі.

Студент қыздарды қорғағаным үшін менің абыройымды төгіп, маған өтірік жала жапты. Өтірік айтып, мені жерге қаратты. Қой дегенде қоймады ғой!

 

– Бұл мәселе біраздан бері тыншып қалғандай болып еді…

– Қалай басылып қалады? Ешқашан басылмаған! Өйткені, ол бұған дейін жоғарғы жақтағы адамдардың ерекше қорғауында болды.

Ол ешкім тиісе алмайтын адам еді. Сол кезде айттың не, айтпадың не, бәрі бекер еді. Талай рет айттық. Сот арқылы да біздің жазығымыз жоқ екенін дәлелдегенбіз. Бірақ ол ана кісінің қамқорлығында болғаннан кейін бәрі қорықты. Әділетсіз үкім шығарды, әділетсіз тергеу жасады. Енді қазір дүние өзгерді.

– Оның видеоүндеуде айтқандарына қатысты не дейсіз?

– Айтқандарының бәрі өтірік! Қызмет істеген жерінің бәрінде ұрлаған.

– Яғни А.Мұхамедиұлының үстінен сіз арыз түсірдіңіз. Солай ғой?

– Иә, мен арыз жаздым. Оны жасырмаймын. Бұл өзі қасына адам жинайды да, оларды кейін сатып кетеді ғой. Сол сатып кеткен адамдары маған құжаттарды дайындап, әкеліп берді. Нақты дәлелдер бар. Ол құжаттардың бәрі менде тұр, соның бәрін келтіріп, үстінен арыз жаздым.

Оған қатысты құжаттарды әкеліп бергендер менің нақақтан-нақақ күйгенімді, қорланғанымды жақсы біледі. Ал мұны өздері айтуға қорқады…

 

[:]