[:kz]
Британиялық Джошуа Кумбс бір қарағанда қарапайым шаштаразға ұқсайды. Алайда ер адамды өзге әріптестерінен ерекшелендіріп тұрған қасиеті бар. Ол бүгінде үйсіз-күйсіз жүрген адамдарға барынша қол ұшын созып, көмек көрсетуді қолға алған. Нақтырақ айтса ол тұрақты мекені жоқ жандардың шашын жуып, қиып, тіпті оларды адам танымастай етіп өзгертуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әуелде Джошуа жай ғана құрал жабдықтарын алып, көшеде жүретін. Енді британиялық шаштараз саяхаттап, күллі әлемдегі өзі секілді өзгелерге қайтарымсыз көмек көрсеткісі келетін адамдармен бірлесуде.
Шаштараздың сөзінше, үйі жоқ жандар үшін тек сырт келбетін дұрыстап қою ғана емес, біреумен сөйлесіп, шер тарқату да маңызды. Сол себепті Джошуа бірден екі рөлді қатар алып жүреді.
Яғни ол үйсіз-күйсіз жүргендердің шаш үлгісін өзгертәп қана қоймай, олармен сырласып тұрады.
Джошуа өзінің модельдері мен туындыларын Instagram парақшасына салып, оқырмандарымен бөлісіп те отырады.
Естеріңізге сала кетейік, азиялық блогерлердің макияжға дейінгі және кейінгі келбеті жұртты таңырқатқанын хабарлаған едік.
Олар соңғы кездері видеоға бетін әрлеу процесін емес, керісінше макияжын кетіру сәтін түсіретін болған. Мұндай бейнероликтер әлеуметтік желі қолданушыларының арасында кең танымалдыққа ие болуда.
[:]