[:kz]
Нұр-Сұлтан полициясына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» атын бүркемеленген қаржы пирамидасының құрбаны болған елорда тұрғындары ұжымдық өтінішпен жүгінді. Бұл туралы TDK-42 телеарнасының сюжетінде көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Зардап шеккендердің айтуынша, Otbasy men jastardy qoldau qory корпоративтік қоры клиенттерге қарыздар берген, бірақ шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. Қор ұсынатын қызметін әлеуметтік бағдарлама деп атап, оны мемлекет қолдайтынын мәлімдеген. Ол 3,7 пайыздық ипотека мен басқа да жеңілдетілген пайыздық несиелерді ұсынады, бірақ азаматтар бастапқы жарнаны төлеуі керек, бұл тұрғын үй немесе автокөлік құнының 50 пайызына тең.
Қарыз беру кезінде клиенттің несие тарихы, оның жасы және зейнетақы аударымдары маңызды емес. Компания Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді.
Адамдар қорға кіріп, миллиондаған қаражат салған. 600-ден астам адам жалпы алғанда миллиард теңге аударған. Қорға 120 миллион инвестиция салғандар да бар. Қазір салымшылардың бір бөлігі пәтер мен көлік алмағанын, ақшаларын да қайтара алмай жүргендерін мәлімдеген.
Жәбірленушілер полицияның белсенді емес екенін айтып, Бас прокуратурадан іске араласуын сұрады. Олар қордың құрылтайшысы елден ақшамен қашып кетеді деп ойлайды.
«Бәрі қордың «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» атын бүркемеленгене байланысты. «Бақытты отбасы», тіпті оларда да осындай бағдарлама болды. Есіл аудандық полиция басқармасы ешнәрсе істемей отыр. Қалалық прокуратура да. Дәлелдемелер базасы жинақталған. Қаржы реттеушінің қорытындысы бар», — деді жәбірленушінің өкілі, заңгер Аян Төреқұлов.
Тағы бір жәбірленуші Зиваш Ақмурзаева елордада жеңілдетілген пайызбен жер телімін сатып алу үмітімен қорға миллиондаған теңге салған.
«Осыншама адам шағым түсіріп жатыр. Олар кінәні өзімізге аударады. Құқық қорғау органдары бізді қорғай алмай ма? Біз әділдікті қалаймыз», — деді ол.
Салымшылардың назарын «әлеуметтік бағдарлама» деген атау аударған. Жәбірленушілер қор басшыларының бірі және оны құрудың бастамашысы Гүлбану Сапей есімді әйелдің есімін атады. Жәбірленушілер осы әйелдің сөзіне «алданыпты». Ол әрбір қазақстандықтың басыда баспанасы, әрбір әйелдің көлігі болуы керек деп айтқан.
Айта кетейік, 2017 жылы ол алаяқтық үшін жауапқа тартылған, бірақ тараптардың татуласуына байланысты іс жабылды. Енді зардап шеккендер прокуратураға жүгінді.
«Қайтадан жүгініңіздер — біз қарастырамыз», — деді Бас прокурордың аға көмекшісі Жаңалық Еламанов.
[:]