Үстіміздегі жылғы сәуірдің 19-20 аралығында түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Үстіміздегі жылғы сәуірдің 19-20 аралығында түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырған дәстүрлі V Халықаралық түркологиялық конгресс болып өтті. Киелі Түркістандағы бұл бас қосуға Түркия, Әзірбайжан, Болгария, Қытай, Моңғолия, Иран, Йемен, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұрстан, Татарстан, Түркіменстан, Украина, Грузия сияқты әлемнің 15 елінен 100-ге жуық ғалым қатысты. Екі күнге созылған басқосуда шартараптан келген түрколог ғалымдар түркі әлемінің өзекті мәселелерін талқылап, ғылыми жаңалықтарымен бөлісті.
Жалпы, бүгінгі таңда әлемдегі 250 миллион түркілер қырыққа жуық ұлт пен ұлысты құрайды.
Алғашында үйлестіру кеңесі құрылғанымен қаржының жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан атқарылатын жұмыс тұралап қалған еді. Сондықтан 2009 жылғы конгрессте Түркі ассоциациасының жұмысын жандандыру қайта қолға алынған болатын. Ал IV конгресс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып, конгрестің күн тәртібіне негізінен жас ғалымдарды тарту мақсаты қойылды. Оның өзіндік себептері де болды. Қазақстан жас мемлекет болғандықтан елдің дамуы үшін тың ұсыныстар мен жаңа идеялардың маңызы ерекше болатын. Оның үстіне, Қазақстандағы түркология жас ғылымдар қатарына жатады.
Ал биылғы конгресс «Мәдени ықпалдастық және өркениеттер бірлігі» тақырыбына арналды.
Мақсаты – жаҺандану заманында түркі мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін сақтау.
«Бұл конгрестің басты мақсаты – бүгінгі жаһандану заманында әлемге түркі мәдениетінің ерекшеліктерін таныту, адамзат мәдениетіне түркі әлемінің қосқан үлес-салмағын бағамдау, асыл жаухарларымызды кеңінен насихаттау, алдағы атқарылатын жұмыстарды жоспарлау», – деді когресті ашқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Лесбек Ташимов.
Әрине, қазіргі таңда түркологияны дамыту бағытында елімізде көптеген елеулі істер атқарылуда. Алдағы уақытта да түркі жұртының мәдениетін кешенді зерттеу, жастарды ғылымға тартып, түркология саласына қызықтыру үшін түркі әлемінің белгілі ғалымдары бас қосқан осындай келелі жиындарда қордаланған мәселелерді ортаға салу дәстүрге айналса, көптеген түйінді мәселелер шешімін табар еді. Профессор Лесбек Ташимовтың сөзіне қарағанда, конфренциялардан бөлек түркі халықтарының ортақ төл мерекелері мен ұлттық ойындарын бірлесіп өткізу, ұмытылып бара жатқан құнды дүниелерімізді жаңартып, әсіресе, жойылып бара жатқан аз санды түркі ұлыстарының жәдігерлерін жазып алу, қалпына келтіру оны болашақ ұрпаққа аманаттау ісі жолға қойылар еді.
– Биылғы конгресс «Мәдени ықпалдастық және өркениеттер бірлігі» тақырыбына арналып отыр», – дейді профессор Осман Хората (Түркия). – Мұның өзіндік себептері бар. Соңғы жылдары мәдениет мәселелері көптеген халықтардың өмірінен тысқары қалуда. Соңғы уақытта қоғамның осы саласы эрозияға ұшырауда. Сондықтан мәдениеттер бірлігі конгресс күн тәртібінің негізгі мәселесіне айналып отыр. Конгресс шеңберінде ұйымдастырылған фото көрме мәдениет және дінаралық диалогқа шақырады. Түбі бір түркі халықтары арасында өмір барлық саласында ынтымақтастық болу қажет.
– Мұндай конгресстер кезінде бір халық болып, кейін ыдырап кеткен түркілердің мәдени және рухани бірігуіне септігін тигізеді, – дейді филология ғылымдарының кандидаты Надежда Алмадакова (Алтай республикасы). – Біз бір-бірімізді аудармашысыз жақсы түсінеміз. Өйткені алтай және қазақ тілдері бір-біріне өте жақын. Башқұртстаннан келген конгресс қонағы журналист жазушы, Ресей Мемлекеттік Думасының экс-депутаты Гульфия Юнусова түркі халықтарының арасындағы мәдени байланыстарды қайта жаңғырту қажет дейді. 22 жыл бойы «Башқортстан қызы» журналының бас редакторы болған Гульфия ханым түркі халықтарының рухани кеңістігін құру қажет дейді. Мәселен, оның пікірі бойынша, бауырлас халықтар бір-бірінің елдерінде мәдениет, өнер, кино декадаларын өткізіп тұрса, бірілігіміз арта түсер еді. Біздің рухани бірілігіміз арта түсіп, бауырлас халықтардың қоян-қолтық араласуына септігін тигізер еді. Әлемнің ең суық өлкесі Саха елінен келген Саргилана Егорова да өзінің ыстық ықыласын алып келіпті. «Біздің бабаларымыз осы өңірден бірнеше мың жыл бұрын әлемнің ең суық өңіріне қоныс аударыпты. Уақыт өткен сайын біз түркі бауырларымыздан ажырай түстік. Дегенмен біздің салт-тұрмысымыздағы көптеген ұқсастықтар біздің шыққан тегіміздің бір екенін көрсетеді. Бүгінгі конгресті ұйымдастырып, түркі бауырларымыздың басын қосып отырған қазақ, түрік бауырларымызға рахмет айтып, басымды иемін. Біз қазақ, түрік сияқты халықтармен туысқан екенімізді мақтан тұтамыз», – деді сөзін тәмәмдаған Саргилана ханым. Жалпы, конгресс қонақтары түркі елдері арасындағы визалық режимді алып тастаса, біздің араласуымыз, алыс-берісіміз арта түсер еді деген пікір айтып жатты.
Ғылымға қиянат жасауға болмайды
«Шыңғысханның түркілерге ешқандай қатысы жоқ, ол – моңғол», – дейді Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті түркітану, алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор, белгілі ғалым түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы. Профессордың сөзіне қарағанда, бүгінде жекелеген дилетанттар Шыңғысханды түркі, тіпті, қазақ етіп көрсеткісі келеді. «Алайда бұл болжамның ешқандай ғылыми негізі жоқ. Шыңғысхан барлық ғұмырын моңғол ұлтының мүддесі, болашағы үшін сарп еткен адам. Ұлы моңғол империясын құрғаннан кейін ол моңғолдармен түркілердің басын қосып, киіз тұғырлы халықтардың ұлы мемлекетін құруға ант еткен», – дейді ойын жалғастырған ғалым.
Жалпы, Қ Сартқожаұлының айтуынша, Шыңғысхан әскерінің 95 пайызын түркілер, тек 5 пайызын монғолдар құраған.
Алайда Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті түркология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Мыңбаев пен Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті дінтану және теология кафедрасының доценті, дінтанудың деректанушысы Зікірия Жандарбек бұған қарсы пікір айтады. Олардың сөзіне сенсек, Шыңғысхан – түркі.
«Біріншіден, моңғол термині табиғи тілдік этникалық атауға жатпайды. Ономастикада жеке атаулардың шығу тегін нақты баяндайтын заңдылықтар бар. Олар – сөздер қатары, позитивтілік, негативтілік, калькілік және халық этимологиясы. Ал моңғол деген сөз бұл заңдылықтардың ешқайсысына сәйкес келмейді. Ал бұл «моңғол» терминінің жасанды екендігін көрсетеді дейді оппоненттер.
Сонмен қатар, олардың пайымдауынша, Шыңғысхан хан тағына отырғанда: «Мен жау әскерінен жеңіліп, шегінгенде, мені тастамаған, мен таққа отырғанда менің қасымнан табылып, менің қуанышымды бөліскен тайпалар «мәңгі ел» болсын», – деген екен. Сондай-ақ Орта ғасырлық ғалым Рашид-ад-дин өзінің Моңғол тарихы – Шежіресінде былай деп жазыпты: «Барлық түркі тайпалары – дулаттар, қоныраттар, олхонуттар, оймауыттар, жалайырлар, нүкістер, қияттар және тағы басқалары Шыңғысханнан кейін еңселерін көтеру үшін өздерін «мәңгі ел» деп атай бастады». Халықаралық түркітану орталығының төрағасы, доктор Ерден Қажыбектің «Шыңғысхан сияқты ұлы тұлғаларды бөліп-жару – ғылымға жасалған қиянат», – деген пікірі тараптарды бір ымыраға келтіргендей болды. Ғалымның айтуынша, кезінде түркілер мен моңғолдар бірін-бірі аудармашысыз-ақ жақсы түсінген. Бұл оларардың шыққан тегі бір екенін көрсетеді. Ендеше, Шыңғысханды бөліп-жарудың реті жоқ, ол моңғолдар мен түркілердің ортақ бабасы.
Алматы-Түркістан-Алматы
ұйымдастырған дәстүрлі V Халықаралық түркологиялық конгресс болып өтті. Киелі Түркістандағы бұл бас қосуға Түркия, Әзірбайжан, Болгария, Қытай, Моңғолия, Иран, Йемен, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұрстан, Татарстан, Түркіменстан, Украина, Грузия сияқты әлемнің 15 елінен 100-ге жуық ғалым қатысты. Екі күнге созылған басқосуда шартараптан келген түрколог ғалымдар түркі әлемінің өзекті мәселелерін талқылап, ғылыми жаңалықтарымен бөлісті.