[:kz]
Түркіменстан президенті ГерманиГурбангулы Бердымұхамедов Германияға кетіп қалған болуы мүмкін. Анықталғандай, ол жерде мемлекет басшысының анасы ем алып жатыр. Бұл туралы Түркіменстандағы саяси ортаның дереккөзі мәлімдеді деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін БАҚ-та саясаткердің қайтыс болғаны туралы хабарланды. Алайда, Түркіменстанның Мәскеудегі елшілігі бұлақпаратты жоққа шығарды.
«Президент қайтыс болған жоқ. Ол Германияда емделіп жатқан анасына кетті. Ол кісі он күн бойы аса ауыр күйде төсек тартып жатып қалған» , — деді дереккөз басылымға.
Түркіменстандық ақпарат құралдары да президенттің анасы аса ауыр дертке шалдығып, Германиядағы клиникалардың бірінде ем алып жатқанын жазған болатын.
Оған қоса, желіде Бердымұхамедов анасының жағдайы күрт нашарлауына байланысты Ашхабадқа түрік дәрігерлер келгені жайлы ақпарат шықты.
[:]