АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістан облысына құдалыққа келген ата-ана 3 жасар баласын жоғалтып алды[:]

[:kz]

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан орталығында жергілікті тұрғындардың бірі адасып қалған кішкентай ұл баланы полицияға ертіп келген.

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында полицейлер адасып қалған баланы ата-анасына табыстады. 3 жасар бүлдіршін көшеде жылап жүрген жерінен табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан орталығында жергілікті тұрғындардың бірі адасып қалған кішкентай ұл баланы полицияға ертіп келген. Ол бүлдіршінді пошта мекемесінің жанынан тауып алғанын жеткізген. Тәртіп сақшылары баламен тілдеспекші болғанмен, ол әлі сөйлей алмайды екен. 

Полицейлер бүлдіршіннің ата-анасын іздестіру мақсатында жедел іс-шараларды жүргізді. Алайда, ешкім баланы іздемеген. Осылайша, бала тәртіп сақшыларының қасында 2 сағаттай болды. Тек содан кейін ғана аудандық полиция бөліміне баланы әкесі іздеп келген. Перзентінің дін аман екенін көрген ата-ана тәртіп сақшыларына алғысын айтады. 

«Шымкент қаласынан құдалыққа қыдырып келген едік. Абыр-сабырда баламыздың сыртқа шыққанын да байқамаппыз. Баламның «сиыр, сиыр» деп жүргенін білемін. Сөйтсем, балам сол сиырмен бірге көшеге шығып кеткен екен. Ең бастысы, балапаным аман-сау. Полицейлердің кішкентайыма қорған болғанына ризашылығым зор. Рахмет сіздерге!», — деді бүлдіршіннің әкесі.

ҚазАқпарат. 

[:]