АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістан облысында бір шелек су ер кісіні о дүниеге аттандыра жаздады[:]

[:kz]

 ​Жетісай қаласының тұрғыны табиғи газдан тұншығу салдарынан жансақтау бөліміне түсті. 

Зардап шегушінің жұбайының айтуынша, бұл суицид емес​.

23 наурыз күні кешкісін АДС диспетчерлік бөліміне Жетысай қаласындағы үйлердің бірінде 1993 жылы туған ер адам табиғи газдан тұншыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Зардап шегушінің жұбайы күйеуі газ плитасына суды жылытып қойғанын, ал өзі қатты шаршағанын айтты. Содан кейін су қызып, арты жалынға ұласып кетеді. Салдарынан ер адам тұншығып қалған.

Қазір зардап шегуші ОАА-да, қарқынды терапия палатасында жатыр. Ал полицейлер ТЖ-ның барлық жағдайларын тергеумен айналысуда. 

Elitar.kz

[:]