АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістан облысында кабинетінде карта ойнаған ауыл әкімі ұятқа қалды[:]

[:kz]

Түркістан облысында ауыл әкімі қызмет орнында карта ұйымдастырғаны үшін жазаға тартылып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/КТК телеарнасы

Фото: видеодан кадр/КТК телеарнасы

Телеарна мәліметінше, Шардара ауданына қарасты Қауысбек Тұрысбеков ауылдық аймағының әкімі Әлібек Сейдалиев кабинетінде құмар ойын ұйымдастырған.

Осыдан кейін елдімекен басшысының ісі облыстық тәртіптік кеңесте қаралды.

Сейдалиев кінәсін толық мойындап, енді қайталанбайтынын айтқанымен, кеңес мүшелері оған сенбеген сыңай танытқан.

Олар ауыл әкімі қызметіне сай емес деген шешімге келіп, аудан басшылығына тиісті шара қолдануды тапсырды.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Айта кетейік, осыған дейін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы аудан әкімдерінің бірі ұсталды деген хабарлама тарады.

Осы орайда, «Время» қоғамдық-саяси газетінің журналистері Есіловтің 20 қаңтарда тұтқындалғанын анықтады. Ол параға соңғы үлгідегі Iphone алды деген күдікке ілінген.

Басылым шенеунікті полиция құрықтамағанын мәлімдеді. «Время» елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттегілер Есілов қылмыстық заңнаманы жүйелі түрде бұзды деп күдіктеніп, бірнеше ай тексергенін хабарлады.

[:]