[:kz]
Ауыл тұрғындарының бірі құйынның видеосын жариялаған.
Түркістан облысы Аққойлы ауылында құйын болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ІІМ ТЖК мәліметінше, құйын 2 мамырда Түркістан облысы Ордабасы ауданы Аққойлы ауылында болған.
Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетіп, 17 үйдің шатырын ұшырып әкеткен. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Ауыл тұрғындарының бірі құйынның видеосын жариялаған.
Еске салайық, мұның алдында синоптиктер 5 мамырда Түркістан облысында жауын-шашын қатты жауатынын ескерткен еді. Шымкентте де 5 мамырда қатты жауын болатыны айтылған болатын.
Skifnews.kz ақпарат порталы
[:]