АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістан облысында полицей қазақ елінің Туы үшін суға түсті (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Мақтаарал ауданындағы Жаңа-Тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас және Достық селді мекендерін су басты.

Түркістан облысының су басқан ауылында полиция қызметкері Қазақстанның туын алу үшін суға түсті.

Жетісай ауданы полиция бөлімінің офицері Есімжан Надыровтың әрекеті видеоға түсірілді.

Надыров Фирдоуси ауылын күзетіп жүр. Ауылдан барлық тұрғын эвакуацияланды, 250 үй су астында қалды.

Жергілікті мектептің аумағын да су басты. Сонда жүрген Надыров батып бара жатқан туды байқаған. Ол суға түсіп, байрақты алып, ақырын бүктеп, құрғақ жерге шығарды.

Зардап шеккендерге көмек

Өңірге алғашқы гуманитарлық көмек келді: жамбылдық кәсіпкерлер ұн, күріш, қарақұмық, өсімдік майы, макарон және гигиена заттарын жіберді.

«Бүгін демеушілерден жиналған он миллион теңгенің көмегі судан зардап шеккен тұрғындарға таратылады», — деп хабарлады Түркістан облысының әкімдігі.

Қазақстанның оңтүстігінде су тасқыны болды

Мақтаарал ауданындағы Жаңа-Тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас және Достық селді мекендерін су басты. Қазір аймақта қорғаныс бөгеттері салынып жатыр.

2 мамырдан бастап 31 606 адам эвакуацияланды. 4 мамырдағы мәлімет бойынша 631 үй су астында қалды (Жаңа-Тұрмыста — 46, Жеңісте — 130, Фирдоусиде — 250, Өргебаста — 194, Достықта — 11).

Мақтаарал ауданына су Өзбекстаннан келді. Онда 1 мамырда Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Негізгі су ағынын азайту үшін өзбек тарапы суару каналдары желісіне шлюздерді ашты.

Мақтаарал ауданында жедел штаб құрылып, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Су тасқынының салдарымен үкіметтік комиссия айналысады.

 

[:]