АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Түркістан облысының тұрғыны 25 жылда 9 рет үйленген[:]

[:kz]

 

Түркістан облысы, Ақкиік ауылының тұрғыны Айтбек Досаев 25 жылда 9 рет үйленген. 8 әйелі тауып бере алмаған ұлды 9-шы тоқалы туып беріпті. Алайда 6 жылдық некеден кейін әйелі Гоззал балаларын алып, үйден кеткен. Айтбек Досаев отбасын іздеп «Астарлы ақиқат» бағдарламасына келді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өзінің айтуынша, жұбайы отбасылық жанжалдан кейін үйден кеткен. Алайда Гоззал Тасболатова ажырасуына өзге себеп бар екенін айтты. Сөзіне қарағанда, Айтбек Досаев оның бірінші некеден туған үлкен қызына қол жүгіртіп, зорлауға тырысқан. 

19 жастағы Наргиздің айтуынша, өгей әкесі дене мүшелерін ұстап, оған тиіскен. Ақша ұсынған. Алайда бойжеткен қарсылық танытып, ақырында болған жағдайды анасына айтып барыпты. 

Гоззал Тасболатованың айтуынша, 72 жастағы енесі Алуаш Досаева да Наргизді ұлына оныншы әйел етіп алып беремін деп қорқытқан. Алайда Айтбек Досаев та, оның қарт анасы да Гоззалдың сөзін жоққа шығарды. 

Тоғызыншы тоқалы екенімді білмедім деген Гоззал Тасболатова алты жылда Айтбек Досаевқа бір ұл, бір қыз туып берген. Айтуынша, күйеуі қанша мәрте үйленсе де, алдыңғы әйелдерінен тек қыз балалар өмірге келген. «Мені іздеуінің де себебі сонда шығар», дейді өзі. 

Бағдарлама барысында Гоззалдың 9-сыныпта оқитын тағы бір ұлы бары анықталды. Гоззал Тасболатова Айтбек Досаевқа тұрмысқа шыққан соң, ол баланы өз әкесіне Қарақалпақстанға беріп жіберіпті. Айтуынша, оған себеп күйеуі мен енесі «балаңның ақыл-есі кем, оқып, жаза алмайды» деп сөккен. Анасын алты жыл көрмеген Рахым студияға әжесімен бірге келді. Ол анасын қатты сағынғанын айтты. 
 

[:]